Тоқаев Геннадий Зенченкоға агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты
Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АӨК дамуына қосқан үлесі үшін «Зенченко и К» КС бас директоры Геннадий Зенченкоға алғысын білдірді.
«Геннадий Геннадьевич Зенченкоға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға, саланың бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді», - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 24 қыркүйекте атап өтетін Геннадий Зенченконың 60 жылдығы алғыс жариялауға себеп болды.
«Зенченко и К» - Петропавлдағы жеті сүт-тауар фермасы мен сүт зауытын қамтитын Қазақстандағы ірі сүт өндіруші. 2023 жылы КС-те 48 мың тоннаға жуық сүт өндірілді. Компания 50 мың га жерді өңдейді, оның бір бөлігі өз мал шаруашылығына жем өндіруге арналған.
«Зенченко и К» өнімдері Қазақстанның солтүстігінде, Астанада және еліміздің басқа да көптеген қалаларында сатылады.