2023 жылы Қазақстанның Үздік-10 ірі сүт өндірушісі
ҚР Республикалық сүтті және аралас тұқымдар палатасы ElDala.kz порталмен бірлесіп, төртінші жыл қатарынан фермерлердің деректері негізінде Қазақстанның сүт саласы көшбасшыларының рейтингін дайындады. 2023 жылы жалпы сүт өндіретін он ірі шаруашылықтар тізіміне кім кірді?
Рейтингтің бейне нұсқасын біздің youtube арнамыздан көріңіз:
2023 жылы Қазақстанда сүттің жалпы өндірісі бойынша көшбасшылар өзгеріссіз қалды: бір жыл бұрынғыдай алғашқы үш позицияда "Зенченко и К" КС (өндіріс көлемі 48 мың тоннаға жуық), "Родина" Агрофирмасы (өндіріс көлемі 31,7 мың тонна) және "Имени Карла Маркса" ЖШС (өндіріс көлемі 18,5 мың тонна).
Бұл ретте үшеуі де 2022 жылға қарай жақсы өсім көрсетті: "Зенченко и К" КТ өндіріс көлемін шамамен 14%-ға, "Родина" - 8%-ға, "Имени К. Маркса" ЖШС - 21%-ға ұлғайтты.
Ал ондыққа қатысушылардың ең үлкен өсімін павлодарлық Astyk-PV компаниясы көрсетті, бір жыл ішінде сүттің жалпы өндірісін 55%-ға арттырды. Сапалы мал импорты мен табынның генетикасының жақсаруы осындай плюс берді.
*Рейтинг жалпы сүт сауу көлемі бойынша фермерлер ресми түрде ұсынған мәліметтер негізінде дайындалды
Қазір жаңа қуатты заманауи фермалар салынуда, олар келесі жылы болмаса, жақын арада ірі өндірушілердің рейтингіне енуі мүмкін. Бұл, мысалы, Солтүстік Қазақстан облысындағы Корнеевка мен Возвышенкадағы СТФ. Мұнда жануарларды ұстауға және сапалы саууға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар орналастырылған, сонымен қатар қуатты жем-шөп қоры бар. Яғни, тиімді жұмыс істеудің барлық шарттары жасалған.
— Сондай-ақ, табыстың тағы бір шарты бар, ол — фермаларда жұмыс істейтін және жануарлардың денсаулығын қамтамасыз ететін, өсімін молайтуды бақылайтын және рациондарын есептейтін мамандардың сауаттылық деңгейі, - деп атап өтті Республикалық сүтті және аралас ірі қара тұқымдары палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев.
Еске салайық, ElDala.kz командасы шілденің екінші жартысында төртінші АгроКеруен Сүт 2024 өткізеді. Біз еліміздің бес облысында - Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақтөбе облыстарында 10 шаруашылыққа барамыз. Биылғы жылы жобаның серіктестері Westfalia Қазақстан, KAZSEEDS компаниялары және Аграрлық несие корпорациясы болды. Сайтта, әлеуметтік желілерде және біздің youtube арнамызда АгроКеруенінің жаңалықтарынан хабардар болыңыз.