27 сентября 2024 Қазақстан

Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін қайта бөлуді бақылау жөніндегі комиссия құрылды

Қазақстанда ауыл халқының мұқтажы үшін жерді қайта бөлуді, сондай-ақ жер ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөніндегі Республикалық комиссия құрылды. Тиісті өкімге ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Комиссия құрамына кіреді:

  • басшысы – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары;
  • басшының орынбасары - ҚР ауыл шаруашылығы министрі;
  • хатшы - АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы;
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (келісім бойынша);
  • ҚР ұлттық экономика вице-министрі;
  • ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі;
  • ҚР қаржы вице-министрі;
  • ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;
  • ҚР Бас Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы (келісім бойынша);
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті экономикалық қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша);
  • облыс әкімдерінің орынбасарлары.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жерді қайтару жөніндегі комиссия ҚР Президентінің тапсырмасынан кейін жұмыстың атауы мен форматын өзгертті.

Арнайы комиссия екі тізімді қалыптастырады: адал және жосықсыз жер пайдаланушылар. Адал пайдаланушыларды іріктеу критерийлері келесідей: жерді мақсатына сай пайдаланады, салық төлейді, инвестиция тартады, сол аймақта тұрады және оны дамытуға инвестиция салады. Жосықсыз - өз жер телімдерін пайдаланбайды немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланады.