01 октября 2024 Қазақстан

Қазақстанның синоптиктері қазан айына арналған ауа райы болжамын айтты

Қазан айының бірінші онкүндігі ішінде Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, екпіні секундына 15-25 метрге дейін желдің күшеюі болжанады. Солтүстік жартысында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбырдың ылғалды қарға ауысуы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Айдың бірінші онкүндігінде антициклонның әсерімен жекелеген күндері жауын-шашынның тоқтауы болжанады.

Сондай ақ бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • республиканың батысында түнде +3+12°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +18+27°С-тан +13+22°С-қа дейін;
  • солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста түнде 0,+8-ден-1-6°С-қа дейін, күндіз +17 +25°С-тан +5 +13°С-қа дейін.

Елдің қалған бөлігінде ауа температурасының ауытқуы болжанады:

  • оңтүстік-батыста, оңтүстікте түнде +10+18°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +20+25°С-қа дейін;
  • оңтүстік-шығыста түнде +5+13°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін.

Бірінші онкүндіктің соңында республика бойынша қайтадан жылы ауа райы белгіленеді, солтүстік жартысында ауа +10+18°С дейін, оңтүстік жартысында және республиканың батысында +20+28°С дейін қызады.

Қазан айының екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстік жартысында барикалық түзілімдердің жиі өзгеруімен ауа-райының тұрақсыз сипаты болжанады, жауын-шашын - жаңбыр, ылғалды қар, екпінді жел, көктайғақ және тұман күтіледі. Республиканың оңтүстік жартысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады, алайда фронтальды бөліктердің күшеюімен жауын-шашын, негізінен жаңбыр түрінде болатын күндер жоққа шығарылмайды.

Ауа температурасының ауытқуы күтіледі:

  • батыс облыстарда түнде -2+6°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз +13+23°С-тан +3+12°С-қа дейін;
  • республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнде +3+10°С-тан -1-10°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-тан -2+5°С-қа дейін;
  • ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында түнде +3+11°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін.