10 октября 2024
Қазақстан
ҚТЖ-Жүк тасымалында 56 млн теңгеден астам жымқыру анықталды
ҚТЖ компаниясы еншілес ұйымы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп, 56 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру фактілерін анықтады. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық компания мүліктік залалды өтеу және кінәлі адамдарды анықтау үшін анықталған бұзушылықтар туралы құқық қорғау органдарына өтініш жіберді.
Тергеу шаралары жүргізілуде.
«ҚТЖ сотқа дейінгі тергеудің бастамашысы ретінде тергеуге жан-жақты көмек көрсетуде. Компания мұндай фактілердің алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр және кез келген заң бұзушылықтарға төзбеушілік саясатын ұстанады», - деп хабарлады ҚТЖ.