Елжас Отыншиев ҚТЖ-ны басқарады
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма шешімімен Елжас Отыншиев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. 2023 жылдың сәуірінен бері «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болды.
«Самұрық-Қазына» баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы лауазымында Елжас Отыншиев Қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да секторлардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болған.
Естеріңізге сала кетейік, ҚТЖ басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Алдыбергеновтың өкілеттігі шілде айында компанияның жалғыз акционері - «Самұрық-Қазына» АҚ шешімімен тоқтатылды. Бұл қызметте ол тура бір жыл жұмыс істеді: 2025 жылдың шілдесінен бастап.
Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтында «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Ernst & Young компаниясының Мәскеудегі кеңсесінде консультант болып бастаған.
2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарында қызмет атқарды.
2021-2023 жылдары KIDF-те басқарушы лауазымдарда жұмыс істеді, онда инвестициялық портфельді басқаруды қадағалады.
2024 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
2023 жылы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталған.