Айдарбек Сапаров Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігін қайта басқарды
Қазақстан үкіметінің жаңа құрамында Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі қызметіне кірісті. Тиісті Жарлыққа ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Айдарбек Сарпаров Ауыл шаруашылығы министрлігін 2023 жылдың қыркүйегінен бастап басқарады.
Ол 1966 жылы дүниеге келген. Ол Омбы ауыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Бұрын коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстық Азық-түлік корпорациясы өкілдігі директорының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының бастығы болды.
Ол Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын және Мағжан Жұмабаев аудандарында әкім болып жұмыс істеді.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, СҚО әкімінің бірінші орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі болды.
Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы желтоқсаннан бастап Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.