11:36 Қазақстан

Тоқаев үкімет басшысы мен вице-президентті тағайындады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің премьер-министрі мен вице-президентін тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының басшыларымен кеңескеннен кейін Олжас Бектенов премьер-министр лауазымына тағайындалды. Ол үкіметтің бұрынғы құрамын басқарды.

Вице-президент лауазымына Ерлан Карин тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан үкіметі жаңадан сайланған Құрылтайдың алдында өкілеттігін тоқтатты. Жаңа бір палаталы парламентке сайлау 23 тамызда өтті.

Қазақстанда вице-президент лауазымы 2026 жылы қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес енгізіледі.