Үкімет қазан айында ҚазАгроның жаңа даму стратегиясын бекітеді
Үкімет қазан айында ҚазАгроның жаңа даму стратегиясын бекітеді Ауыл шаруашылығы министрлігі «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің 2020-2029 жылдарға арналған даму стратегиясын дайындады. Осыған байланысты үкіметтің тиісті қаулысын қазан айында бекіту жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Үкіметтің қаулысымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы ҚазАгродан ауыл шаруашылығы министрлігіне берілген болатын. Осы жағдайға байланысты, АШМ ҚазАгро-ның 2020-2029 жылдарға арналған даму стратегиясының жобасын жаңа редакцияда әзірледі.
«Холдингтің 2029 жылға қарай мақсаты- корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және АӨК-ті цифрлық, технологиялық тұрғыда жаңғырту мен дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыратын болады, қаржылай тұрақты және кәсіби басқарушы Холдинг ретінде құру болып табылады», - деп хабарлады АШМ-де.
«ҚазАгро» Холдингінің негізгі стратегиялық бағыттары: АӨК-те бәсекеге қабілеттілікті дамытуға көмектесу, инвестицияларды қатыстыру және АӨК-те қаржыландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және кредиттік процестің тиімділігін арттыру мақсатында холдингті трансформациялау.
ҚазАгро Даму стратегиясы Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі көлемін ұлғайту; ауыл шаруашылығы өндірушілерінің негізгі капиталына Холдинг қаражаты есебінен инвестициялар көлемін ұлғайту; кредит беру мен лизингтің негізгі процестерін автоматтандыру; инвестициялық жобалар бойынша еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Даму стратегиясын жаңа редакцияда бекіту 2020 жылдың 15 қазанына дейін жоспарланып отыр, деп нақтылады АШМ-де.