12:02
Қазақстан
ҚазАгроҚаржы айыппұлдарды есептен шығару акциясын жариялады
ҚазАгроҚаржы ақшалай міндеттемелерді уақтылы орындамау нәтижесінде туындаған тұрақсыздықтарды есептен шығару жөніндегі акцияны іске қосты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Акция 2024 жылдың 13 желтоқсанына дейін өткізіледі. Өтінім беру және толық ақпарат алу үшін клиенттерге ҚазАгроҚаржы өңірлік филиалдарына жүгіну қажет.
Айыппұлды есептен шығаруға қатыса алады:
- 2024 жылғы 13 желтоқсанға дейін берешегін толық өтеу шартымен негізгі борыш, сыйақы немесе өсімпұл, оның ішінде сот шешімі бойынша өндіріп алынған берешек бойынша мерзімі өткен міндеттемелері бар клиенттер;
- акция басталғанға дейін мерзімі өткен берешегі болмаған, бірақ оны жүзеге асыру кезеңінде міндеттемелерді орындау мерзімін бұзған клиенттер, сондай-ақ көрсетілген мерзімге дейін берешегін толық өтеу шартымен.