05 декабря 2024 Қазақстан

Аграрлық несие корпорациясы басқармасының құрамы өзгерді

Аграрлық несие корпорациясының директорлар кеңесінің шешімімен басқарма төрағасының орынбасары, корпорацияның басқарма мүшесі болып Тимур Аяпбергенов сайланды, деп Қазақстан қор биржасының сайтында хабарланды.

Мұрат Ысқақов компанияның басқарма құрамынан шығарылды.

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Агрардық несие корпорациясының басқармасы бес адамнан тұрады: Алмат Әшірбеков, Қайрат Сапулатов, Тимур Аяпбергенов, Айдын Досқараев, Ерлан Молдашев.