Қазақстанда пайдаланылмаған 7,7 млн га жайылымдық жер қайта бөлініп беріледі
Қазақстанда бүгінгі таңда фермерлер арасында қайта бөлінетін 7,7 млн га пайдаланылмаған жайылымдық жерлер анықталды. Бұл туралы «Ашық диалог» порталында өткен интернет-конференция барысында жер ресурстарын басқару комитетінің жер қатынастары және Жерге орналастыруды дамыту басқармасының бас сарапшысы Марат Ергешбаев мәлімдеді.
Ведомство өкілі 2019 жылы Жер кодексіне пайдаланылмайтын жерлерге мониторинг жүргізу мақсатында Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдануды регламенттейтін өзгерістер енгізілгенін еске салды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында АШМ пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау рәсімін жеңілдету үшін ғарыштық мониторингті қолдану туралы бұйрық қабылдады.
«Бүгінгі таңда осы тиімді құралдарды жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген пилоттық өңірлер белсенді пайдаланады, олар жұмыс істемейтіндерден жерді алып қою және оларды мұқтаж фермерлерге беру мақсатында пайдаланылуда. Қазірдің өзінде елімізде 7,7 млн га пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлер анықталды», - деді Марат Ергешбаев.
Оның хабарлауынша, бүгінгі таңда мемлекетке 2,6 млн га жер қайтарылды ол учаскелер мұқтаж еңбеккерлерге қайта бөлінеді. Қалған басқа да пайдаланылмаған жер заңнамада белгіленген тәртіппен қайтарып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамаға пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру мен қайтарып алу мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқарту туралы түзетулер дайындады, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдана отырып, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, бақылау процесін автоматық құрылғылар арқылы істейтін болады.