2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының маңын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 47 млрд теңге жұмсалады.
Ақмола облысында 2020 жылы Нұр-Сұлтан маңындағы азық-түлік бойынша жалпы құны 47 млрд теңге болатын 41 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аймақтағы экономика басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың ақпараты бойынша, өңірде асыл тұқымды төрт бордақылау орныны салынуда; сүтті мал шаруашылығы бойынша 8 жоба, етті мал шаруашылығы бойынша 12 жоба, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 6 жоба, құс шаруашылығын дамыту және балық өсіру бойынша екі жоба іске асырылуда.
Сонымен қатар, облыста бес астық қоймасы мен картоп сақтау қоймасы салынып, суару жүйесін құру бойынша екі ірі жоба жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда 3,6 млрд теңге қаражатқа 22 жоба салынуда.
«Елорда базарларына облыстың ауыл шаруашылығы өндірушілері 85,4 мың тонна сүт өнімдерін, 17,2 мың тонна ет және ет өнімдерін, 184,2 млн дана жұмыртқа апарды», - деді Қ.Дүзелбаев.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылығы иелеріне мал басының барлық түрлерін сақтап қалуды, сондай-ақ ет пен сүт өндірісін сақтау міндетін қойды.