01 сентября 2020 Қазақстан

Тоқаев АӨК-ті дамытуға арналған жаңа бағдарламаның артықшылықтарын атады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

«АӨК-ті дамыту бағдарламасы келесі жылы аяқталады. Мен Үкіметке бизнеспен бірлесіп, келесі бесжылдыққа арналған АӨК-ті дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді бастауды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев жаңа бағдарламаның негізгі міндеттерді атап айтты: Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын көбейту, еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, АӨК өнімдерінің экспортын 2 есе ұлғайту.