01 сентября 2020 Қазақстан

ҚазАгро Бәйтерек холдингімен бірігеді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚазАгро компаниясымен Бәйтерек холдингтерін біріктіруді тапсырды, бұл туралы ол бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялай отырып мәлімдеді.

«Квазимемлекеттік сектор еншілес компанияларын және шығындарын қысқартуды жалғастыруы тиіс. Бәйтерек пен ҚазАгро холдингтерінің рөлін ерекше атап өткім келеді, бұл компаниялар агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыру мен дамытуға елеулі үлес қосты», - деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, қазір жағдай өзгерді және институционалдық құрылымның өзгеруі уақыттың еншісінде.

«Демек, осы екі ұйымды біріктіріп, үлкен қаржылық әлеуеті бар даму институтын құру қажет. Бұл ретте компаниялар портфелін екі есе, ал қызметкерлер санын 50% - ға қысқарту керек», - деді Тоқаев