Тоқаев: Ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылмайды
Қазақстанда шетелдіктерге жер сатуға тыйым салатын заңнамалық нормалар сақталатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
«Келесі жылы Жер кодексінің жекелеген ережелеріне мораторий алынып тасталады. Біздің жер шетелдіктерге сатылмайды. Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толықтай шаруашылыққа енгізу тәсілдерін әзірлеуі керек», - деді ҚР Президенті.
Ол Қазақстанда аграрлық секторға инвестиция шақыру қажеттігін атап өтті. Саланың тағы бір проблемасы ол мамандардың жетіспеушілігі мен аграрлық ғылымның дамымағандығын атады. Осыған байланысты Тоқаев жинақталған проблемаларды шешу үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар, ол технологиялық тұрғыдан ескірген ирригациялық жүйелерге назар аударды.
«Кейбір жағдайларда судың 40%-ы далаға кетіп жатады. Су тапшылығынан зардап шеккен біздің еліміз бұған жол бере алмайды. Бұл саланы нормативтік құжаттармен реттеу қажет, ал заманауи технологиялар мен инновацияларды енгізу үшін экономикалық жобалар дайындау керек», - деп түйіндеді Президент.