Қызылорда облысында балықты терең өңдеу іске қосылады
АРАЛ SEA FOOD балық өңдеу зауыты терең өңдеу технологияларын енгізуде. Бастапқыда кәсіпорын қуаттылығы жылына 4 мың тонна балық етін өндіруді жолға қояды. Келесі қадам - балық қалдықтарын өңдеу және балық ұны мен балық майын өндіру. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
АРАЛ SEA FOOD дайын өнімін Қазақстанда және ТМД елдерінде сатуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қызылорда облысында қуаттылығы 50 тонна тұқы балық түрі бар «Бақыт» тоған шаруашылығы пайдалануға беріледі. 2024 жылдың маусымында тоғандарға 4 млн дана тұқы шабақтары шығарылды, ал қыстайтын тоғандарда қазіргі уақытта орташа салмағы 15-100 грамм болатын 100 мың шабақ бар.
Өз кезегінде «Жұмабай» ШҚ 2023 жылдан бастап тұқы балық түрлерін өсіру үшін сумен жабдықтаудың тұйық жүйесін енгізуде. Іске қосылғаннан кейін ішкі нарыққа жылына 200 тоннадан астам тұқы мен африкалық жайын жеткізіледі.