Ақмола облысында агробизнес 51,2 млрд теңгеге субсидияланады
Ақмола облысында АӨК субсидиялауға 2025 жылы 51,2 млрд теңге бөлінеді. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 14,6 млрд теңге (пестицидтер – 9,7 млрд теңге, тыңайтқыштар – 3,1 млрд теңге, тұқымдар – 1,2 млрд теңге, басым дақылдар - 500 млн теңге); мал шаруашылығына - 5,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлады.
Бұдан басқа, өңірде қаржы құралдарын субсидиялауға 30,3 млрд теңге бағытталады: инвестициялық субсидиялауға – 21 млрд теңге, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9,2 млрд теңге, несиелерді кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде – 86,76 млн теңге.
Терең өңдеуді субсидиялауға 0,6 млрд теңге бөлінді.
Ағымдағы жылы Ақмола облысында 5,2 млн га егу жоспарлануда. Оның ішінде: дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,7 млн га алаңға, майлы дақылдар - 350 мың га, жемшөп дақылдары - 175 мың га. Картоп 8,9 мың га алаңға, көкөністер - 1,5 мың га жерге отырғызылады.