Даниядан Қазақстанның батысына 150-ге жуық ІҚМ әкелінді
Дания Корольдігінен Ақтөбе халықаралық әуежайының ветеринарлық бақылау бекетіне қызыл дат тұқымды 148 бас ірі қара жеткізілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанға жіберілгенге дейін жануарлар еліміздің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес 21 күндік карантиндік бақылаудан өтті.
Ілеспе ветеринариялық құжаттарды тексергеннен кейін жануарларды физикалық тексеру жүргізіледі: мамандар жануарлардың денсаулық жағдайы, бірдейлендіру нөмірлері және ұсынылған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Ветеринариялық бақылау нәтижелері оң болған жағдайда, ірі қара Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында орналасқан «Арыстанов» шаруа қожалығына жеткізіледі.