10:45 Мал шаруашылығы

Қазақстан Литвадан мал әкелуге тыйым салды

Қазақстанның Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті 6 қазаннан бастап Литвадан мал әкелуге уақытша тыйым салды. Шектеу блютанг вирусының таралуына байланысты енгізілді.

Комитеттің мәліметінше, шектеу Литвадан Қазақстанға мынадай тауарларды әкелуге қатысты:

  • ірі және ұсақ қара малды;
  • блютанг ауруына бейім жабайы, хайуанаттар бағындағы және цирктегі жануарларды;
  • түйелерді және түйетұқымдастардың басқа да өкілдерін (ламалар, альпакалар, викуньялар);
  • асыл тұқымды бұқалар, қошқарлар мен текелердің ұрығын;
  • in vivo әдісімен алынған эмбриондарды қоспағанда, ірі қара және ұсақ малдың эмбриондарын әкелуге.

Сондай-ақ Литвадан Қазақстан аумағы арқылы ірі қара малды, ұсақ малды және ауруға бейім жануарлар түрлерін транзитпен өткізуге уақытша тыйым салынды.