Наурызда Қазақстанда жауын-шашын көп болады деп күтілуде
Көктемнің бірінші айы жылы және жауын-шашын көп болады деп күтілуде. Бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстанның бүкіл аумағында нормадан 2° жоғары болады деп болжануда. Бұл туралы Қазгидрометтің наурызға арналған консультативтік болжамында айтылған.
Синоптиктердің мәліметінше, наурыз айында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның басым бөлігінде нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде нормаға жақын болады деп болжануда.
Наурызда ауа-райы айтарлықтай құбылмалы, аязды күндер жылы күндермен ауысады, солтүстік аймақтарда нағыз қысқы боран болуы мүмкін. Наурыз айында жиі жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түрінде болады деп болжануда. Желдің күшеюі, тұман және көктайғақ құбылыстары да күтілуде.
Наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы республиканың үлкен аумағында түнде -12-20°С-тан, елдің шығысында -15-26°С-тан -5+1°С-қа дейін, күндіз -3-11°С-тан -3+5°С-қа дейін біртіндеп көтеріледі.
Оңтүстік өңірлерде ауа температурасының түнде -2-10°С-тан 0,+8°С-қа дейін, күндіз -2+8°С-тан +10+15°С-қа дейін, Түркістан облысында +15+20°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.
Онкүндіктің соңында Қазақстанның барлық аумағында температуралық фонның шамалы төмендеуі болжанады:
- солтүстік жартысында түнде -3-8°С дейін, күндіз 0,-5°С дейін;
- оңтүстік жартысында түнде -5+2°С дейін, күндіз +3+10°С дейін.
Екінші онкүндікте ауа температурасының ауытқуы күтіледі:
- солтүстік жартысында түнде -10-15°С-тан -5+3°С-қа дейін, күндіз -2-13°С-тан +2+10°С-қа дейін;
- оңтүстік жартысында түнде -5+5°С-тан +2+10°С-қа дейін, күндіз +3+8°С-тан +10+20°С-қа дейін.
Наурыздың үшінші онкүндігінде ҚР үлкен аумағында температураның түнде -5+5°С-тан +5+10°С-қа дейін, күндіз +5+10°С-тан +10+20°С-қа дейін ауытқуы болжанады; елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде -5-15°С-тан 0-8°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-тан +3+10°С-қа дейін.