15:18 Қазақстан

Маңғышлақтан Ақтау портына дейінгі магистральдық ТЖ желісі мемлекеттік меншікке беріледі

Бас көлік прокуратурасы «Қасқор-Транссервис» АҚ жеке компаниясын Маңғышлақ бекетінен Ақтау теңіз портына дейінгі магистральдық темір жолдарды иелену фактісін анықтады. Сот компанияны магистральдық теміржол желісін мемлекет меншігіне беруге міндеттеді. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствода нақтылағандай, қолданыстағы заңнамаға сәйкес магистральдық теміржол жолдары мемлекеттік меншікте болуы тиіс.

“Аталған объектілердің стратегиялық маңыздылығын және оларды мемлекеттік меншікке қайтару қажеттігін ескере отырып, прокуратураның қадағалау актісі бойынша Көлік министрлігі сотқа талап арызбен жүгінді. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 14 наурыздағы шешімімен талап арыздар толық көлемде қанағаттандырылды", - деп хабарлады прокуратурада.

Сондай-ақ оқыңыз