08:00 Қазақстан

ҚТЖ Қытайдан 200 локомотив сатып алады

Қазіргі уақытта Қазақстанның теміржол желілеріндегі локомотив паркінің мөлшері - 1 мың 807 бірлік. Бұл ретте, соңғы 20 жылда жаңа локомотивтер сатып алынбағанына байланысты бұл техниканың тозу деңгейі 61%-ды құрайды.

Локомотивтердің қажетті санын қамтамасыз ету және парктің тозу деңгейін төмендету мақсатында 2024 жылы 185 локомотив сатып алынды, 2025 жылға арналған сатып алу жоспары 200 локомотивті құрайды.

Осы жоспарлар аясында қытайлық CRRC компаниясымен 200 локомотив (100 магистральдық тепловоз және 100 маневрлік тепловоз) сатып алу туралы келісімге қол қойылды. Оның ішінде 94 локомотив 2025 жылы жеткізіледі (оның екеуі сынақтан өтіп жатыр).

Барлығы 2028 жылға дейін 446 локомотив сатып алу жоспарлануда, бұл тартым паркіндегі ағымдағы тапшылықты жояды.