ҚазАТУ оқытушысы Қытай Ғылым Академиясының PhD докторы атанды
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушысы жоғары оқу орындары арасындағы келісім бойынша Қытай Ғылым Академиясының PhD докторы дипломын алды. Бұл туралы ҚазАТУ баспасөз қызметі хабарлады.
Әлжан Құрманғожинов 2016 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың маусымына дейін Үрімші қаласындағы Қытай Ғылым Академиясының Шыңжаң экология және география институтында «Экология» мамандығы бойынша оқыды. Қытай Ғылым Академиясының аттестаттау комиссиясы қарағаннан кейін жаратылыстану ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды. Диссертация тақырыбы: «Мақтаның өсуі Солтүстік-батыс Қытайдың мелиорацияланған құмды жерлерінде азотты тыңайтқыштарды қолдану кезіндегі шығымдылыққа әсері». SCI-де 2 мақала жарияланды, деп хабарлады университетте.
Ә.Құрманғожиновтың ғылыми жетекшісі-шөл жайылымдарының экожүйесін зерттеу Ұлттық станциясының директоры, профессор Fanjiang Zeng.
Екінші ғылыми жетекшісі-шөл жайылымдарының экожүйесін ғылыми бақылау және зерттеу Ұлттық станциясы директорының орынбасары, профессор Xiangyi Li болды.