Солтүстік Қазақстанда құрама жем өндірісі іске қосылады
Green Gold Ilyichevka Factory (GGIF) компаниясы Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ильичевка ауылында (Чкалово бекеті) құрама жем өндіретін заманауи зауытты іске қосады.
GGIF хабарлағандай, зауыт толыққанды түйіршіктелген құрама жем, кебек және құрама жем ұнын өндіруге маманданған. Кәсіпорын айына 40 мың тоннаға дейін өнімнің өндірістік қуаттылығына есептелген, сондай-ақ майлы дақылдарды қайта өңдеу мүмкіндігін қамтиды.
Өндіріс желісінде шикізатты мөлшерлеу мен ұсақтаудан бастап дайын өнімді түйіршіктеуге және орауға дейінгі барлық негізгі кезеңдерді қамтитын FAMSUN жабдықтары орнатылған.
GGIF өнімдері ірі қара мен ұсақ малды, шошқаларды, жылқыларды және құстарды азықтандыруға арналған.
Жөнелту клиенттер үшін ыңғайлы тәсілмен жүзеге асырылады: 50 және 1000 кг қаптарға орау, сондай-ақ бигбэгтер мен қаптарда 2 мың тоннаға дейін өнімді жөнелту мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, зауыт жабық вагондар мен контейнерлерге тиеу мүмкіндігімен жабдықталған.
«Кәсіпорынның іске қосылуы өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудағы маңызды қадам болады және отандық ауыл шаруашылығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті GGIF.