Бұқалар байқауының жеңімпаздары SAVORY жемін сатып алуға сертификаттар алады
SAVORY Premium премиум жемшөп өндіру зауыты Jańa Dala/Green Day'2026 халықаралық мамандандырылған көрме-демонстрациясында «Қазақстанның үздік бұқасы» ұлттық байқауының ресми демеушісі болады. Байқау жеңімпаздары ірі қара малға жоғары тиімді жем сатып алуға сертификаттар алады.
Байқаудағы жүлделі орындар келесі марапаттарға ие болады:
- 1 орын — жем сатып алуға 1 млн теңгеге сертификат + пайдалы аксессуарлардың стильді брендтік жиынтығы
- 2 орын — жем сатып алуға 500 мың теңгеге сертификат + пайдалы аксессуарлардың стильді брендтік жиынтығы
- 3 орын — жем сатып алуға 300 мың теңгеге сертификат + пайдалы аксессуарлардың стильді брендтік жиынтығы
SAVORY Premium зауытының мамандары атап өткендей, кәсіби теңдестірілген азық мөлшерін пайдалану мал өсірушілерге табынның генетикалық әлеуетін толық ашуға және жануарлардың денсаулығы мен өнімділігінің максималды көрсеткіштеріне қол жеткізуге көмектеседі.
SAVORY Premium зауыты Jańa Dala / Green Day '2026 көрмесіне алғаш рет қатысып отыр және осы дебют аясында компания отандық мал шаруашылығын қолдау мен дамытуға бағытталған «Қазақстанның үздік бұқасы» байқауын қолдауға шешім қабылдады.
2026 жылы Көкшетауда іске қосылған SAVORY Premium зауыты ірі қара, ұсақ мал және құстарға арналған жоғары сапалы құрама жемдердің заманауи өндірушісі болып табылады. Кәсіпорынның жеке элеватор кешені бар, ол мұқият бақылау және азық мөлшерін құру үшін ең жақсы шикізатты қатаң таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. SAVORY Premium өнімдері — бұл озық әлемдік азықтандыру технологияларын, қуатты өндірістік базаны және ауыл шаруашылығындағы терең сараптаманы біріктірудің нәтижесі.
«Jańa Dala көрмесіне қатысу — бұл біздің кәсіпорын үшін маңызды оқиға. Біз өз брендімізді осы алаңда кәсіпқойлардың кең аудиториясына алғаш рет таныстыру, сондай-ақ оларға азықтандыру үшін премиум шешімдер ұсына отырып, Қазақстанның үздік фермерлерін көтермелеуге өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне қуаныштымыз», – деп мәлімдеді SAVORY Premium.
Естеріңізге сала кетейік, үздік бұқаны таңдауға арналған байқау 16-17 шілдеде Астана қаласының маңында, Нұресіл ауылында, етті тұқымды ірі қара малдың алты қазақстандық палатасы өкілдерінің қатысуымен өтеді. 2025 жылы KazBeef Ltd асыл тұқымды репродукторынан Маверик лақап атты ангус жеңімпаз атанды.