16 апреля 2025 Қазақстан

ElDala.kz аудиториясы бір жылда 50%-ға өсті

ElDala.kz порталы наурыз айының соңында өзінің бес жылдығын атап өтті. Ол аз уақыт ішінде Қазақстандағы агробизнестің дамуын көрсететін БАҚ-тың сөзсіз көшбасшысы болды. Портал ұжымы бұл ұстанымды жылдан жылға нығайтып келеді.

Сандар не дейді?

Егер 2024 жылғы наурызда ElDala.kz порталына бірегей келушілер саны 155 мың адам болса, 2025 жылдың наурыз айында - 230 мың адам. Бір жылдағы өсім - 75 мың уник (50%).

(Наурыз - барлық аграрлық БАҚ оқырмандарының саны объективті себептермен азайып бара жатқан маусымаралық кезең. Маусымда олардың саны екі есе артады. Мысалы, 2024 тамызында ElDala.kz бірегей келушілер саны 542 мың адамнан асты).

Порталдың дамуымен қатар әлеуметтік желілеріміз де (instagram, telegram, facebook, tik-tok) және youtube-тегі арнамыз да өсіп келеді.

ElDala.kz «Рамблер топ-100» рейтингінде «Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы» бөлімінде ресейлік салалық басылымдарды да басып озып, бірінші орында тұр.

Редакцияның материалдарды ақылы түрде жарнамалауға немесе әлеуметтік желі жазылушыларын «сатып алуға» бір теңге жұмсамайтынын айта кеткен жөн. Органикалық өсу – бұл агробизнеске шынайы қызығушылық танытатын оқырмандар мен көрермендерді ғана тартуға, демек, тек қана жоғары сапалы аудиторияны қалыптастыруға мүмкіндік беретін іргелі ұстанымымыз.

Алда жаңа аграрлық маусым, ElDala.kz командасының жоспарында - біздің үш дәстүрлі АгроКеруенді өткізу. Мамыр айында бұл АгроКеруен Егістік (серіктестер - «Эридон Қазақстан» және EVS Group), шілдеде - АгроКеруен Ет (серіктесі - Қазақтың ақбас ірі қара тұқымының республикалық палатасы), қыркүйекте - АгроКеруен Егін (серіктестер анықталуда - сізде жобаға қатысу мүмкіндік бар) болады.

Бізбен бірге болыңыз, біз сізге Қазақстанның АӨК туралы ең маңызды, пайдалы және қызықты ақпаратты айтып береміз!

Сондай-ақ оқыңыз