16:33 Қазақстан

Қазақстанда 900 мың гектардан астам жер егілді

Қазіргі уақытта Қазақстанда 908,5 мың га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ағымдағы ауыл шаруашылығы маусымы белгіленген жоспарларға сәйкес өтіп жатыр, егіс науқанын сәтті аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдануда», - деп атап өтті ведомствода.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, егіс науқаны елдің оңтүстігінде белсенді жүргізілуде. Алматы облысында - 123 мың га, Түркістан облысында - 263,5 мың га, Жамбыл облысында - 295,5 мың га, Қызылорда облысында - 33,4 мың га, Батыс Қазақстан облысында - 30,1 мың га, Атырау облысында - 2,7 мың га, Жетісу облысында - 142,2 мың га, Шымкентте - 15,7 мың га егілді.

Дәнді дақылдар - 459,4 мың га, жемшөп - 159,9 мың га, көкөніс - 46,9 мың га, картоп - 18,2 мың га, бақша - 35,3 мың га, майлы дақылдар - 114 мың га, мақта - 43,9 мың га құрады.

«Көктемгі егіс жұмыстарына дайындықтың маңызды кезеңі 10,7 млн га алқаптағы ылғалды жабу, 2,5 млн га егіс алдындағы өңдеу және 1,1 млн га алқаптағы көктемгі жер жырту бойынша шаралар болды», - деп атап өтті министрлікте.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылға арналған тыңайтқыштар енгізу жоспары 1,9 млн тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта 752,8 мың тонна тыңайтқыш сатып алуға шарттар жасалды, оның 504,9 мың тоннасы жөнелтілді. Кестеге сәйкес 152,3 мың тонна дизель отыны жөнелтілді.

Ағымдағы жылы тұқымға қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайды. Оның 1,6 млн тоннасы алдын ала сапа сараптамасынан өтті, ал тексерілген тұқымдардың 99%-ы жарамды деп танылды.