Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «ҚазАгроға» 5,1 млрд. теңге дивиденд төледі
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өзінің акционері - «ҚазАгро» холдингіне 5,1 млрд теңге көлемінде дивиденд төледі. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған қордың хабарламасында айтылды.
«2020 жылдың 26 тамызында Компания жалғыз акционеріне 5 миллиард 154 миллион 098 мың 502,97 теңге мөлшерінде дивиденд төледі. Жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 88,96 теңгені құрайды, дивиденд төлеу жалғыз акционердің банктік шотына қаражат аудару арқылы жүзеге асырылды», - деп айтылды хабарламада.
АШҚҚҚ-тың жалғыз акционері - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі екенін атап өткен жөн. Қордың міндеті - агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттарын дамыту және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру болып табылады.