СҚО-да құны 3 млрд теңге болатын жарма өндірісі іске қосылады
«Қазақстан Бидайы» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысында қауыз және жарма өндіретін зауыттың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 3 млрд теңгеден асады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың мамырында басталды, ал зауыт 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында іске қосылады деп жоспарланған.
АШМ мәліметінше, зауытта астық өңдеу бойынша толық өндірістік цикл құрылатын болады. Жарма мен қауыздың тоғыз түрін шығару, оның ішінде түрлі ботқа шығару жоспарлануда. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 24-тен 30 мың тоннаға дейін дайын өнімді құрайды.
Нысанда Украинадан заманауи жабдықтар орнатылуда. Үш өндірістік желіні іске қосу жоспарлануда. Өндірістің энергия тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Барлық технологиялар халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.
Кәсіпорынға қажетті инфрақұрылымды жеткізу үшін СҚО бюджетінен 291 млн теңге бөлінді.