Кеше Қазақстан

Қазақстандағы инфляция бір жыл ішінде 11,8%-ды құрады

Қазақстандағы инфляция 2025 жылғы шілдеде 0,7% (алдыңғы айда – 0,8%), жылдық деңгейі - 11,8% құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Жыл сайынғы инфляция деңгейіне азық-түлік пен алкогольсіз сусындар (4,4 пайыздық тармақ) ең көп үлес қосқаны атап өтілді.

Азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 11,2%-ға өсті (2025 жылғы маусымда - 10,6%). Бір айда азық-түлік тауарлары бағасының деңгейі 0,7%-ға өсті.

Ет және ет өнімдерінің бағасы бір жылда 13,2%-ға, сүт өнімдері – 8,2%-ға, майлар мен тоң-майлар – 20,3%-ға, жемістер мен көкөністер – 19,4%-ға, қант – 3,6%-ға, нан-тоқаш өнімдері мен жарма – 3,6%-ға, жұмыртқа – 0,3%-ға өсті.

Алкогольсіз сусындар бір жылда 12,2%-ға қымбаттады.