15:48 Қазақстан

Синоптиктер Қазақстанда күз бен қыс мезгіліне болжам жасады

2025 жылғы қарашада Қазақстанның үлкен аумағында жауын-шашын негізінен қар түрінде болады деп болжануда. Оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда қар жауады. Қатты жел, боран, көктайғақ және тұман бір ай ішінде, негізінен елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында болуы мүмкін. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Қараша айында ауа температурасының ауытқуы жиі байқалады: республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында бірінші онкүндіктің басында ауа температурасының түнде -2-7°С-тан 0+5°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-тан +5+10°С-қа дейін көтерілуі болжанады, онкүндіктің соңына қарай температура түнде -7-12°С, күндіз 0,5°С дейін бірте-бірте төмендейді.

Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасының түнде -5-12°С-тан -10-16°С-қа дейін, елдің орталығында және шығысында -18°С-қа дейін, күндіз -3+2°С-тан -5-10°С-қа дейін ауытқуы күтіледі.

Айдың соңында ауа температурасы түнде -15-20°С дейін, күндіз -10-15°С дейін төмендейді.

Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бір ай ішінде түнгі уақытта ауа температурасының -3-12°С-тан 0,+7°С-қа дейін, күндіз +1+6°С-тан +8+18°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Қараша айының соңында жекелеген күндері аяз түнде -5-15°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жалпы, қараша айында ауа температурасы бүкіл ел бойынша нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде (норма бюллетень кестесінде келтірілген).

Қараша айында жауын-шашын мөлшері Қазақстанның үлкен аумағында нормаға жуық, республиканың батысында, солтүстік – шығысында (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан, Павлодарда облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында және Абай облысының шығысында) нормадан көп болады деп болжануда.

Алдын ала болжам бойынша республиканың басым бөлігінде климаттық норма шегінде жауын-шашын мөлшері бар қыс орташа жылы болады деп күтілуде. Бірақ кейбір кезеңдерде боранмен, екпінді желмен, көктайғақ құбылыстармен, тұмандармен мол жауын-шашынның түсуі жоққа шығарылмайды.

Сондай-ақ, қыс мезгілінде қар жамылғысында мұз қабығының пайда болуына ықпал ететін "температуралық әткеншек" болжанады.

Желтоқсан айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жақын, нормадан 1°С жоғары еліміздің солтүстік-батыс жартысында (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында), нормадан 1°С төмен еліміздің солтүстік-шығысында (Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында) болжанады.

Желтоқсан айында жауын шашын мөлшері болжануда:

  • нормаға жуық - республиканың көп бөлігінде;
  • нормадан төмен - орталықта, елдің шығысының көп бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, солтүстік аймақтың оңтүстік жартысында және оңтүстік облыстардың қиыр солтүстігінде;

Қаңтар айында ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы нормаға жақын, республиканың шығысында (Абай және Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Павлодар облыстарының шығысында) нормадан 1°С төмен болады деп күтілуде.

Қаңтар айында жауын шашын болады деп күтілуде:

  • республиканың көп бөлігіндегі нормаға жуық;
  • республиканың оңтүстік, оңтүстік – шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының, Жетісу облысының және Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында) нормадан артық;

Ақпан айында бүкіл ел бойынша орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2°жоғары болады деп күтілуде.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың бүкіл аумағында климаттық норма шегінде күтіледі.

Алдын ала болжам бойынша наурыз айында температура бүкіл ел бойынша нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде.

Наурызда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда (Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының, Жетісу облысының және Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында) нормадан артық, Маңғыстау облысының басым бөлігінде нормадан төмен болжанады.