Шығыс Қазақстанда 40 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою жоспарлануда
Шығыс Қазақстан облысында 2025 жылы 120 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекеттік меншікке қайтарылды. Жылдық жоспар 100% орындалды. Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис мәлімдеді.
Жыл басынан бері өңірдегі мемлекеттік меншікке жоспарланған 40 мың гектардан 14 мың гектар немесе 35% қайтарылды.
ШҚО әкімдігінің ақпараты бойынша, 2022 жылдан бастап өңірде барлығы 463,8 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Облыстың жалпы ауданы шамамен 9,8 млн гектарды құрайды, оның 36%-ы ауыл шаруашылығы жерлері. Мамандардың айтуынша, қайтарылған учаскелерді тиімді және мақсатты пайдалану аграрлық секторды дамытуға және жайылым тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.