08:05 Қазақстан

Қостанай облысының егістіктерінде қардың жоғары қоры байқалады

Қыстың басында Қостанай облысында қар жамылғысы қалыптан тыс төмен болғаннан кейін, көктемге қарай жағдай жақсарды. Өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, қыркүйектен ақпанға дейін Қостанай облысында 134 мм жауын-шашын түсті, бұл көпжылдық орташа көрсеткіштен жоғары.

«Жауын-шашынның ең жоғары деңгейі Денисов, Федоров, Қарабалық және Қостанай аудандарында тіркелді. Оңтүстік аудандарда — Амангелді, Жангелдин, Науырзым және Арқалық — жауын-шашын нормадан аз болды», - деп басқармада хабарлады.

Қарабалық тәжірибе станциясының мәліметінше, қыстың алдында топырақтағы өнімді ылғал қоры жоғары болып, орташа көпжылдық көрсеткіштерден асып түсті. Аграршылардың міндеті - көктемде жинақталған ылғалды сақтау, ылғал жабу және егу науқанын уақтылы жүргізу.