Мақта өңдеушілер түркістандық фермерлерге 344 млн теңге қарыздар
Мақта өңдеу кәсіпорындары Түркістан облысының фермерлеріне жеткізілген шикізат үшін 344 млн теңге қарыздар. Бұл фактіні Жетісай ауданының прокуратурасы анықтады.
Облыс прокуратурасының хабарлауынша, жеткізілген мақта үшін зауыттар 111 шаруа қожалығына қарыздар болған. Прокуратураның араласуы нәтижесінде берешек толығымен өндіріліп, шаруа қожалықтарына төленді.
Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім тігуге дейінгі өндірістің барлық кезеңдерін қамтитын мақта кластері дамып келеді. Осы салаға ауқымды инвестицияларды және өндірісті ұлғайту жөніндегі жоспарларды ескере отырып, Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасын әзірлеу жоспарлануда.