Екі қазақстандық қант зауытарының қуатын екі есе артырады
Жетісу облысында қант қызылшасы егістігін кеңейтіп, Ақсу және Көксу қант зауыттарының қуатын екі есеге, 950 мың тоннаға дейін ұлғайту жұмыстарын жүргізуде. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңір әкімі Бейбіт Исабаев баяндады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бейбіт Исабаевтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірге 610 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 12,8%-ға жоғары.
2027 жылға дейін 94,4 млрд теңге сомасына 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, құс фабрикаларын, бордақылау алаңдарын, балық және жылыжай шаруашылықтарын және басқа да объектілерді салу көзделген.
Өнеркәсіпте соңғы үш жылда 29 жаңа нысан іске қосылды және жеті жұмыс істеп тұрған өндіріс кеңейтілді, 1841 жұмыс орны құрылды.