Кеше
Қазақстан
Тасжүреков Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті
ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков қызметінен босатылды. Ақпаратты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі растады.
Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ол басқа жұмысқа ауысуына байланысты өз еркімен қызметінен кетті.
Естеріңізге сала кетейік, Ербол Тасжүреков 2023 жылдың ақпан айынан бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.
Ербол Қуанышұлы Тасжүреков 1979 жылы 25 маусымда дүниеге келген. Әр жылдары ол Ұлттық экономика министрлігінде, Инвестициялар комитетінде қызмет атқарды, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ «ҚазАгро» холдингі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ құрылымдарында жұмыс істеді.