14:20 Қазақстан

Тамыз айында Қазақстанның жеті өңірінде құрғақшылық күтілуде

Қазгидромет 2026 жылдың тамыз айына арналған атмосфералық құрғақшылық болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша, елдің жеті аймағының жекелеген аудандарында құрғақшылық күтіледі.

Тәуекел аймағында:

  • Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы және Жаңыбек аудандары;
  • Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандары;
  • Атырау облысының Құрманғазы ауданы;
  • Алматы облысының Балқаш ауданы;
  • Жамбыл облысының Мойынқұм, Қордай, Сарысу, Талас және Жамбыл аудандары;
  • Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Ордабасы, Шардара, Жетісай, Бәйдібек және Келес аудандары;
  • Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандары, сондай-ақ Қызылорда қаласы.

Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында және Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында орташа ылғалды жағдайлар болжанады.

Қазақстанның қалған аумағында ылғалдандыру шарттары климаттық нормаға жақын болады деп күтілуде.