Бидайдың әлемдік бағасы тоннасына 280 доллардан асты
Бидай бағалары 27 тамыз, бейсенбіде күрт өсті. АҚШ биржасында баға бір бушель үшін 7,66 доллардан асты (тоннасына 281 доллар). Өткен аптаның соңында баға 20 долларға төмендеді. Еуропалық биржада желтоқсан айындағы келісім-шарт 1,25%-ға, 246 еуро/тоннаға дейін (286 доллар) қымбаттады.
Ресей Ұлттық тауар биржасында бағалар, керісінше, фермерлерді қуантпайды - 19 тамыздан бастап олар 11 мың рубль/тонна деңгейінде сақталып тұр.
Бұл үрдістің себебі айқын: Қара теңіз порттарынан әлемдік нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтудің өзара бұғатталуының жалғасуы. Нәтижесінде, сатып алушы елдер астық пен майлы дақылдардың балама көздерін іздейді, бұл бағаны көтереді. Сондай-ақ, бағаның өсуіне жазғы құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтардағы - ең алдымен ЕО елдеріндегі төмен өнімділік туралы болжамдар ықпал етеді.
Сонымен қатар, Ресей мен Украинаның ішкі нарықтарында ұсыныстың шамадан тыс артуы байқалуда, бұл бағаның төмендеуіне және фермерлердің шығынға ұшырауына әкеліп соқтыруда.
«Маусым айынан бастап бидай бағасы шамамен 30%-ға өсті. Басты фактор — Қара және Азов теңіздеріндегі ресейлік және украиндық порттардың жұмысын тоқтатуынан туындаған, бұрын-соңды болмаған ұсыныс күйзелісі. Қазіргі заманғы астық нарығының тарихында мұндай жағдай болған емес: 2010 жылы Ресей астық экспортына эмбарго енгізген кезде де, 2022 жылдың бірінші жартысында да, соғыс басталғаннан кейін. Жақында ғана нарық бұл жағдайды тым төмен бағалап келген еді. Деэскалация мүмкіндігі әлі де төмен болып көрінеді, ал эскалацияның жаңа кезеңін жоққа шығаруға болмайды», - деп «СовЭкон» талдау орталығының директоры Андрей Сизов түсіндірді.
Осы уақытта Қазақстанда жаппай егін жинау жүріп жатыр және жаңа егіннің астық бағасы қалыптасуда.
Сейсенбі, 25 тамызда ETS биржасында EXW жеткізу шарттарымен (элеваторда) үш мәміле жасалды:
- қатарлы 3-сыныпты бидай тоннасына 100 мың теңгеден (ҚҚС-пен);
- 3-сыныпты бидай (желімшесі 27–28%) — тоннасына 113 мың теңгеден;
- 3-сыныпты бидай (желімшесі 29–30%) — тоннасына 114 мың теңгеден сатылды.