10:37 Қазақстан

KazAgroFarm-2026 – халықаралық диалог алаңы

Астанада 21–23 қазан аралығында KazAgroFarm-2026 халықаралық көрмесі өтеді. Биыл көрме агробизнес саласының жетекші өкілдерін ғана емес, жоғары лауазымды ресми делегацияларды да жинайды. Бұл туралы көрмені ұйымдастырушы ExpoGroup Халықаралық көрме компаниясы хабарлады.

Көрмеге Ливияның ауыл шаруашылығы министрі, Чехияның ауыл шаруашылығы министрі, Иранның ауыл шаруашылығы вице-министрі, сондай-ақ Германия, Канада, Беларусь, Ресей, Қытай және басқа да елдердің делегациялары қатысады деп күтілуде. Сонымен қатар көрмеге Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының өкілдері қатысады. Шетелдік қонақтар үшін Астанаға келу тікелей KazAgroFarm-2026 көрмесімен байланысты, онда бизнеспен келіссөздер жүргізу және Қазақстанмен одан әрі қарым-қатынас орнату жоспарланған.

«17 жыл ішінде KazAgroFarm агробизнес пен шетелдік мемлекеттік құрылымдарды байланыстыратын маңызды халықаралық көпірге айналды. Бүгінде бейінді ведомстволардың өкілдері ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашу үшін көрмеге арнайы келіді. Біз үшін бұл KazAgroFarm-ның компанияларды ғана біріктіріп қоймай, елдер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін алаң екенін көрсететін басты көрсеткіш», – деді көрме ұйымдастырушысы Шолпан Қожабаева.

KazAgroFarm-2026 көрмесіне әлемнің 25-тен астам елінен 300-ден астам компания қатысады. Үш күн ішінде көрме Орталық Азия ауыл шаруашылығының болашағы қалыптасатын, аграрлық бизнесті дамытудың жаңа бағыттары айқындалатын және Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің негіздері қаланатын кеңістікке айналады. Көрмеге 21-23 қазан аралығында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында баруға болады.