ӨК саласына тракторшылар қажет, деп хабарлайды «Атамекен»
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүргізген зерттеулері бойынша Қазақстанда тракторшы кәсібіне сұраныс жоғары болып тұр, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz».
«Атамекен» ҰКП сауалнамасына 600 мың кәсіпорын қатысқан. Зерттеу нәтижелері республикада ең көп бос жұмыс орындары маусымдық кезеңде жұмысшылар мен орта білімді мамандар керек екендігін көрсеткен. Тракторшылардан басқа, жүргізушілер, дәнекерлеуші мамандар, әр түрлі сала жұмысшылары, аспаздар өте қажет.
Сондай- ақ, тек Түркістан облысында бүгінгі таңда 24 мың бос жұмыс орны бар, көптеген кәсіпорындар ауыл шаруашылығы үшін жұмысшылар іздеуде. Атап айтсақ, тракторшылар, агрономдар, бақташылар. "Атамекен" ақпараты бойынша, мысалы, Түркістан облысының Мақтаарал ауданына 2,9 мың тракторшы қажет.