ҚазАТУ фермерлерге арналған жаңа ютуб-канал ашты
Қазақстан фермерлеріне арналған YouTube арнасының алғашқы екі саны жарық көрді - бірі орыс тілінде, екіншісі қазақ тілінде. Аталған арнаның жүргізушілері- Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
«Қазақстанда тұрақты түрде шығарылатын және аграрлық сектор мәселелеріне арналған бірде-бір бағдарлама жоқ», - деді «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» КЕАҚ басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов. - Біз бұл туралы ойланып, университеттің қолдауымен әр апта сайын фермерлерге пайдалы ақпарат беретін YouTube арнасын құруды ұйғардық. Алғашқы шығарылымнан бастап біз бұл идеяның дұрыс екендігін түсіндік - бір аптаның ішінде біздің арнаны 11 мың көрермен қарап, көптеген оң пікірлер қалдырды.
Арнаның келесі сандары сәрсенбіде шығады. Сондықтан арнаның атауы - Agro sreda. Арнаның мазмұны қазіргі ақпарат тапшылығын толтыра отырып, салада жұмыс істейтіндердің барлығына пайдалы мәлімет беруге арналған.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚазАТУ-ға жаңа мәртебе берілді
Университет ғалымдарынан басқа, мұнда қонаққа әр сала қызметкерлері, шаруашылықтардың басшылары келіп, өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.