«ҚазАгро» және «Бәйтерек» компаниялары бірігу жайлы тұжырымдаманы талқылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы жолдауында ҚазАгро мен Бәйтерек холдингтерін біріктіру туралы тапсырма берді. «ҚазАгро» холдингінің басқарма мүшесі Активтер мен инвестициялар жөніндегі басқарушы директор Асылхан Джувашев осы жұмысқа байланысты істеліп жатқан дайындық туралы айтты.
«Екі ірі холдингті біріктіру жұмсалатын шығындарды қысқарту үшін жасалуда. «Бәйтерек» холдингімен біріктіру тұжырымдамасы бойынша еншілес компаниялар қысқартылуы мүмкін, тағы да басқа мәселелер талқыланып жатыр», - деді А.Джувашев агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасының тұжырымдамасын талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында.
Ол бұған дейін Агробанк құру туралы көптеген сұрақтар болғанын атап өтті. Аграршылар үшін жеке қаржы институтын құру туралы әңгіме болған жоқ, бірақ басқарушы директордың айтуынша, «ҚазАгро» біріккен жаңа холдингте арнайы мамандандырылған бөлімше жұмыс істейтін болады.
«Жалпы, біздің «ҚазАгро» холдингтің талабы бойынша ауыл шаруашылығын несиелеу блогы қалады, бұл шартымызды үкіметке жеткіземіз. Бәйтеректегі жеке компания болса да немесе оның бір бөлігі болса да қалады деген ойдамыз. Кейбір басқа мемлекеттік органдардың ұстанымы бойынша- холдингті «Бәйтерекпен» біріктіруде біздің компаниялар тарап кете ме деп қорқамыз. Ал агроөнеркәсіптік кешен «Бәйтерек» үшін соншалықты маңызды бөлім болмайды ма деп санаймыз», - деді Асылхан Джувашев.
Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен үкімет ҚазАгроның агроөнеркәсіптік блок құру жөніндегі ұстанымын қолдайды. Холдингтегі компаниялар қысқарғанымен ауыл шаруашылығын қаржыландыратын кейбір жеке бөлімдер сол қалпында қалады.