05 ноября 2020 Қазақстан

Диетолог қазақстандықтарға ет жеуге кеңес береді

AgriFood Qazaqstan 2020 онлайн-форумы кезінде диетолог, нутрициолог Ксения Аникиенко иммунитетті көтеру үшін қандай тағамдар жеу керек екенін айтты.

«Қазіргі кезде көбірек көкөністер мен жемістер жеу керек. Біздің климаттық жағдайымызда ет өнімдерін жеуді ұмытпаңыз. Бұл өте маңызды. Егер сіз вегетариандық болсаңыз, ұстанымыңыз осындай болса, онда қосымша қажетті микроэлементтер қабылдау керектігін естен шығармаңыз. Біздің климатқа қарай етті тұтыну денсаулығымыз үшін өте қажет», - деді Ксения Аникиенко.

Егер ересек адам аптасына 2-3 рет ет немесе құс етін жейтін болса, онда ол өзінің денесіндегі аминқышқылдарының қажеттілігін толығымен толықтырады.  Бұл иммундық жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне өте жақсы әсер етеді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қымыз таптырмас сусынға айналды

«Қазақстандағы ет өнімдері әрқашанда сапалы және дәмді екенін білеміз. Алайда мен майы аздау өнімдерді таңдап, жеуге кеңес берер едім. Себебі ет құрамында полиқанықпаған май қышқылдары көп, сондықтан да егер көп мөлшерде май жейтін болсаңыз, бүкіл ағза мен қан тамырлары үшін біршама қауіпті болады. Яғни, майдың мөлшері аз ет өнімдерін жеген дұрыс. Бұл шын мәнінде өте маңызды», - деп атап өтті сарапшы.

Сонымен қатар, ол қазақстандықтарға ас мәзіріне үнемі көкөністерді қосуды ұсынды, қазіргі кезде және жыл бойы дүкен сөрелерінде тұратын көк-сөкті пайдалану қажеттігін айтты. Рукола, шпинат және басқа да көкөністерде С дәрумені және басқа да пайдалы элементтер бар.

Тақырыпқа байланысты оқу: Көкөніс бизнесі: салат пен рукколадан қалай пайда табуға болады

«Маған өз елімізде көкөністердің көп өсірілетіндігі ұнайды, олардың барлығы қол жетімді бағамен сатылады. Жергілікті көкөністер мен жемістер өте пайдалы. Мен әрдайым маусым кезінде жергілікті жемістер мен көкөністерді тұтынуға тырысамын», - деп атап өтті Ксения Аникиенко.

Сондықтан ол қазақстандықтарды шетелдік экзотикалық жемістердің орнына қарапайым жергілікті алмаларды жеуге шақырады, өйткені бұл көптеген дәрумендер алудың ең жақсы жолы.