ЕЭК 2027 жылға ет импортына тарифтік квоталарды белгіледі
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алқасы 2027 жылға арналған ет өнімдері мен сүт сарысуына қатысты тарифтік квоталар белгіледі. Бұл туралы ЕЭК баспасөз қызметі хабарлады.
Шешімге сәйкес, ірі қара мал етінің импортына квоталар: Армения үшін 8 мың тонна, Қазақстан үшін 21 мың тонна, Қырғызстан үшін 5 мың тонна және Ресей үшін 570 мың тонна болады. Шошқа еті бойынша квоталар келесі көлемде бөлінеді: Армения үшін – 14 мың тонна, Беларусь үшін – 20 мың тонна және Қырғызстан үшін - 2 мың тонна.
Құс еті мен субөнімдері бойынша тарифтік квоталар Армения үшін 45 мың тоннаны, Беларусь үшін 10,9 мың тоннаны, Қазақстан үшін 140 мың тоннаны, Қырғызстан үшін 58 мың тоннаны және Ресей үшін 364 мың тоннаны құрайды.
Сондай-ақ, Ресей үшін 15 мың тонна көлемінде сүт сарысуын импорттау кезінде тарифтік квота белгіленді.
ЕЭК Қазақстан мен Ресей үшін 2027 жылға арналған тарифтік квоталар мемлекеттердің ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттамаларда белгіленген мөлшерде белгіленгенін атап өтті. Армения, Беларусь және Қырғызстан үшін тарифтік квоталар тараптардың сұраныстарын ескере отырып, тұтыну мен өндіріс арасындағы айырмашылықтан аспайтын көлемде айқындалған.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес ЕЭК үшінші елдерден әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген санаттарына қатысты оларды мүше мемлекеттерде тұтыну мен өндіру теңгерімдерін, сондай-ақ елдердің Дүниежүзілік сауда ұйымы алдындағы міндеттемелерін ескере отырып, тарифтік квоталарды белгілейді.