Переработку отечественного хлопка повысят в три раза
Қазақстанда мақтаны қайта өңдеу үлесін үш есеге арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
«Оңтүстік» экономикалық аймақтан тыс жерде орналасқан мақтаны қайта өңдеумен айналысатын тоқыма фабрикаларына жеңілдіктер беріледі. Олар республикадағы мақтаны қайта өңдеу деңгейін кемінде үш есе арттыруға көмектесе алады. Сонымен қатар, аталған өнімді қайта өңдеу деңгейін арттырумен бірге 1000 қосымша жұмыс орны ашылады, деп хабарланды.
Сондай-ақ, ведомство 2020 жылдың ақпан айында жеңіл өнеркәсіп саласындағы өндіріс көлемі 12,4% - ға өскенін хабарлады.Атап айтқанда, тоқыма бұйымдарын өндіруде жақсы көрсеткіштер байқалады, бір айдағы өсу мөлшері 11,9% құрады.