Мәжіліс депутаттары үкіметтен нарықты Ресейден келетін ГМО тұқымдарынан қорғауды сұрауда
Ресей еліндегі ГМО тұқымы мен өнімдеріне қатаң бақылаудың жоқтығы қазақстандық фермерлер мен тұрғындарға әсер етуде. «Қазақстан халық партиясы» фракциясының мәжіліс депутаттары Премьер-Министрге Еуразиялық экономикалық комиссия отырысында осы мәселені көтеруді ұсынды. Сондай-ақ ГМО тұқымдарының енуіне және сондай өнімдерді ЕАЭО аумағынан Қазақстанға сатуға жол бермеу үшін ұлттық қорғаныс тәсілдерін ұйымдастыруды айтып, жүгінді.
«ЕАЭО аумағында ГМО қосылған ауыл шаруашылық өнімдерін жартылай піскен және тамақ өнімдерін дайындауда қолданып, экспортқа жіберілгендігі туралы фактілер тіркелген. Осылайша, 2020 жылдың шілдесінде Қытай Халық Республикасының бас кедендік басқармасы Ресей Федерациясының Россельхознадзорына ГМО компоненттерін орыс рапсының 23 партиясынан, сондай-ақ соя майының 10 партиясынан табылғандығы туралы хабардар етті», - деді депутат Айқын Қоңыров.
Ол Россельхознадзор жүргізген тергеу барысында Нижний Новгород облысында ГМО қосылған рапс және Волгоград облысында ГМО-соя өсіру фактілері анықталғанын атап өтті. Хабаровск өлкесінен (еврей автономиялық аймағында өндірілген) ГМО астығын Қытайға және Ставрополь өлкесінен Беларуссияға экспорттау әрекеттері де анықталды. Қазақстанмен шектесетін Омбы облысы да ГМО-ға қатысы бар аймақ болып табылады.
Тақырыпқа байланысты оқу: ГМО қосылған өнімдер ЕАЭО аймағында таңбаланатын болады
«Өнімдердің құжаттарына талдау жүргізілгенде кейбір жағдайларда ЕАЭО-ның сәйкестік декларациясы белгілі бір партияға емес, сериялық бүтіндей өндіріске шығарылғаны анықталды. Декларациялары жоқ сынақ зертханаларынан алынған сынақ хаттамалары негізінде қабылданды. «Астық қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттерінде, соның ішінде ГМО-ға байланысты барлық міндетті зерттеулер жүргізілмейді. Омбы облысынан экспортталатын тауарларға сәйкестік декларациясының жартысына жуығы жалған болып шықты», - деді А.Қоңыров.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Қытай билігі рапс майы мен ұнның партиясын Қазақстаннан әкелуге тыйым салды, өйткені қазақстандық өңдеушілер рапсты ГМО-мен бірге Ресейден сатып алған.
Осыған байланысты Мәжіліс үкіметтен ГМО тұқымы мен Ресейден дайын өнімн сатып алуды барынша бақылап, назар аударуын сұрайды.