Фермерлер банкротқа ұшырау қаупіне байланысты ірі бизнеске ауысқылары келмейді
Экономиканың түрлі салаларындағы ірі бизнестің талаптарын анықтай отырып, Қазақстанда фермаларды металлургия комбинаттарымен теңестіріп, олардың қаржылық жауапкершілігі бірдей екендігі анықталды. Сондықтан фермерлерге өз бизнестерін шағын етіп ұйымдастыру тиімдірек болып отыр, өйткені мемлекет ірі компанияларға ешқандай артық қолдау көрсетпейді. «Атамекен» ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры-Басқарушы директор Ербол Есенеев осындай пікір білдірді.
«Кәсіпкерлік кодекс ережелеріне сәйкес, штатта 250-ден астам қызметкер болса немесе орташа жылдық табысы 3 млн АЕК-тен асса (бұл шамамен 8,3 млрд теңге), кәсіпорын ірі бизнес санатына өтеді. Көптеген кәсіпорындар маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстары кезінде жұмысшыларды алады және бірден ірі бизнес санатына «ауысады». Сондықтан да олар кәсіптерін әр түрлі заңды тұлғалардың атына тіркей бастайды», - деп жазды Ербол Есенев Facebook бетінде.
Тақырыпқа байланысты оқу: Иван Сауэр: талан-таражға салатын схема емес, саланы дамытатын стратегия қажет
Не себепті фермерлерге үлкен бизнестің иесі болу тиімді емес? Себебі егер кәсіпорында қандайда бір заң бұзушылықтар анықталса, айыппұлдардың көлемі өте көп, оны төлеу үлкен қаржылық шығын келтіреді. Мысалы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл (425-бап) орта кәсіпкер үшін шамамен 860 мың теңгені құрайды, ал ірі кәсіпорын үшін қазірдің өзінде 4,4 млн.теңгені құрайды. Пандемия кезінде заң бұзушылықтарды табу қиын емес. Тіпті малдың көң үшін салынатын айыппұл 5,6 миллион теңгеден асуы мүмкін.
Сондықтан да фермерлер үшін үлкен бір жерде тұратын кәсіпорын емес, кішігірім әр жерде орналасу ыңғайлы әрі тиімді болатынды, деп атап өтті Ербол Есенеев.
Ол сонымен қатар фермерлердің саны мен сапасына қарай есепке алу мәселесі Қазақстан Республикасында әлі күнге шешілмей отырғанын атап өтті. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, елде 216 мыңға жуық шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтар тіркелген. 14 мыңға жуық заңды тұлға бар, оның тек 54-і ірі кәсіпорындар.
«Жалпы, аграрлық сектор үшін қойылатын талаптарды қайта қарау керек, жұмыстың және әр аймақтың ерекшеліктерін ескеру қажет. Шағын фермерлер үшін бұл кішкентай проблема екені түсінікті, бірақ болашақта олар бірігіп үлкен кәсіпорын болғанда ірі инвесторларды шақыруы тиіс қой. Мемлекет түрлі шектеулерді ойлап табудың орнына оларға қолдау жасағаны дүрыс шығар. Әзірге аграршыларға үкімет құлақ аспай отыр», - деп қорытындылады сөзін Ербол Есенеев.