Қазақстандық тамақ өнеркәсібі өндірушілері Қытаймен $117 млн-ға келісімшарт жасасады
QazTrade Accelerator бағдарламасына қатысатын тамақ өндірушілері қытайлық серіктестермен өткізген бірқатар кездесулерден кейін жалпы құны $117 млн болатын ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қоюға дайындалып жатыр, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, 5 қараша мен 9 желтоқсан аралығында қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында 160 B2B онлайн-кездесу өткізді. Нәтижесінде 200-ден астам қытайлық компаниялар ынтымақтастыққа қызығушылық танытты, олардың жартысы VooV және WeChat бейне байланысы арқылы B2B онлайн-кездесулер жүргізді.
«Жақын арада жалпы құны $117 млн. құрайтын 18 меморандумға қол қойылады деп күтілуде. ҚХР-дағы 139 контрагентпен алдағы ынтымақтастық шарттары туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады Сауда министрлігі.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қытай Алашанькоу бекетінде вагондарды тиеуді тоқтатты
Қазіргі уақытта барлық экспорттаушылар үшін ең басты мәселе - Қытаймен арадағы жабық тұрған шекара мәселесі. Эпидемиологиялық ахуалдың күрделі болуына байланысты Қазақстан-Қытай шекарасында көліктердің кептелісі орын алып, жүк пойыздары мен жүк көліктерін қабылдау азайды. Осы себепті қытайлық серіктестерге өнімнің дәмін татып көру үшін тағамдарда жіберу мерзімі кешіктіріліп жатыр, бұл келіссөздер нәтижесіне әсер етеді және Қытайға экспорт көлемін одан әрі ұлғайтуға айтарлықтай кедергі болып тұр.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің экспортты жеделдетудегі QazTrade Accelerator бағдарламасы – Қазақстанның алғашқы жобасы болып табылады. Оған қатысқан 6 ай ішінде қазақстандық өндірушілер жеке кеңес алды, веб-семинарлардан және экспорттық әлеуетті арттыру бойынша халықаралық сарапшылардың жүргізген тренингтерінен өтті. Сондай-ақ, компаниялар тікелей маркетинг түрінде қолдау алды, сонымен қатар осы жылдың қараша айында Шанхай халықаралық импорттық көрмесіне (CIIE 2020) онлайн режимінде қатысты.