ИИДМ Қытаймен шекарада ҚТЖ жұмысында шектеулердің жоқтығын растады
Қытайға тауарларды теміржол көлігімен жіберуде екі айдан бері шекарада қиындықтар туындауда. ҚТЖ пойыздарды уақытында жөнелтуге, сонымен қатар Қытай тарапы кіргізуге рұқсат еткен жағдайда тәулігіне көп вагон өткізуге де дайын. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
24 желтоқсанда ИИДМ «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірге және «Атамекен» Ұлттық палатасының өкілдері бірлесіп, жүк жөнелтуші компаниялар, теміржол вагондары операторлары мен экспедиторлар үшін Достық станциясына жағдайды көру үшін барды, осылайша олар Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара бекетіндегі қалыптасқан мәселені бағалай алды.
Қазіргі таңда Қытай тарапының енгізген карантиндік шараларының нәтижесінде жүк вагондары ұзақ уақыт тоқтап шнкарадан өте алмай тұр. ИИДМ мәліметтеріне сәйкес Достық-Алашанькоу шекара бекетіндегі жүк пойыздарының күнделікті өтуі орташа есеппен алғанда 8-12 пойыздан аспайды, алайда тәулігіне кем дегенде 18 пойыз өтуі тиіс. Туындаған мәселенің нәтижесінде, ҚХР бағытында жүктері бар 7 мыңнан астам вагон күн сайын өтпей жиналып тұр.
Қазақстандық тарапта контейнерлерді ауыстырып тиеу, тауарларды қабылдау және жөнелту кезінде ешқандай қиындықтар жоқ.
Тақырыпқа байланысты оқу: Не себепті Қытай шекарасы «тапжылмай тұр»
«Аталған сапарда бизнес өкілдер «Достық» станциясының жұмысымен танысты, тауарларды ҚХР-ға жіберу кезінде қазақстандық тараптан ешқандай шектеулер жоқ екенін анықтады және ҚТЖ ұлттық компаниясы ҚХР қойған шектеулер алынып тасталған жағдайда,тәулігіне 18 жүк пойызына дейін жеткізуге дайын екендігіне көз жеткізді», - деп атап өтті баспасөз қызметі.
Бұған дейін ҚТЖ Жүк тасымалы бас директорының орынбасары Қанат Көбесов ElDala.kz тілшісіне берген сұхбатында Қытайға жүк жіберуде Достық-Алашанькоу бекетінді 8 мың вагон тоқтап тұрғанын айтқан болатын. Оның 6 мыңы кестеден кешігіп тұр, ал Хорғас-Алтынкөл өткелінде 4 мың вагон жиналды, оның 3800-і көлік қозғалысынан қалып қалды.
ҚТЖ компаниясының Қытайлық әріптестеріне жолдаған ресми хатында Алашанькоу станциясында Қазақстаннан тәулігіне 16 - 18 пойызды (бұрын жасалған келісімдерге сәйкес), ал Хоргостан 8 пойыз қабылдауды сұрап жазған еді. Алайда, егер желтоқсан айында қазақстандық экспорттаушылар Достық-Алашанькоу өткелі арқылы ҚХР-ға жеткізілетін 1 миллион 602 мың тонна жүк жіберген еді, бірақ Қытай 678 мың тоннаны немесе өтінімнің 42% -ын қабылдаудан бас тартты. Алтынкөл арқылы 308 мың тонна жүк өткізілуі керек, Қытай оның 141 мың тоннасын немесе 46% -ды қабылдаудан бас тартты.
Сонымен бірге, 20 желтоқсаннан бастап Қытай астық тиелген вагондарды жаппай кіргізе бастады, бірақ жабық вагондардағы қапқа салынған астықты қабылдаудан үзілді –кесілді бас тартуда.
Осындай жағдайға байланысты қазақстандық астық экспорттаушылар қытайлық серіктестерінен айыппұл төлеу туралы ескертулер ала бастады. Санкциялардың алдын алу үшін олар Қазақстанның мемлекеттік органдарына шекарадағы форс-мажорлық жағдайды растайтын құжаттарды беру туралы өтініш айтып жүгінді. ҚР ІІМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжановтың айтуынша, департамент шекарадағы қазіргі жағдай туралы хат дайындап, оны қытайлық серіктестермен келіссөздер жүргізу үшін ресми құжат ретінде кәсіпкерлерге жолдайды.